«Заман Құрылыс» ЖШС –2006 жылы негізі қаланған жобалау-құрылыс ұйымы, ол өзін топырақты нығайту саласындағы сарапшы ретінде таныта білді.
Өзіміздің осы саладағы көпжылдық тәжірибемізді ескере отырып, біз тиімді шешімдерді ұсынамыз, экологиялық нормалар мен эстетикалық стандарттарды ұстанамыз, ең бастысы, құрылыста мінсіз сапаны көздейміз.
Біздің компания габионды құрылыстар саласындағы таптырмайтын маман болып табылады және өз тапсырыс берушілерінің қажеттіліктерін барынша қамтамасыз етуге тырысады, ал тапсырыс берушілер барынша қысқа уақыт ішінде тиімді талаптармен ұзақ кепілдік мерзімімен сапалы нәтижеге қол жеткізеді!
Жобаны әзірлеудің көпсатылы процесі ГТҚ салудың барлық мүмкін артықшылықтары мен кемшіліктерін, құрылыстардың конструктивтік өлшемдерін, сонымен қатар оның экономикалық қайтымдылығын анықтайды. Заманауи есептеу әдістері түрлі материалдар мен құрылғылардың көмегімен стандартты, сондай-ақ бірегей техникалық шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді.
Бірегей техникалық шешімдермен қатар заманауи материалдарды қолдану бұрын соңды орындалмастай болған аса күрделі геотехникалық шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Геотехника саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін біз нормативтік құжаттаманың барлық талаптарына жауап беретін бағдарламалық модульдер кешенін пайдаланамыз.
Құзды-опырылымды бөктерді нығайту төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі табиғатты қорғау шаралары болып табылады. Дұрыс жобалық шешімді әзірлеу халықты ұзақ мерзімді және сенімді қорғау мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізудің басты талабы болып табылады.
Габионды құрылыстардың өткізгіштігі ылғалдың өтуіне мүмкіндік береді, гидростатикалық жүктемелерді тудырмайды, өзінің икемділігі мен тұрақтылығының арқасында осал топырақтың шөгуіне, бөктерінің шайылуы мен эрозиясына қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Габиондар бірқатар жағдайда дәстүрлі нығайтумен салыстырғанда анағұрлым мақсатты түрде орынды және тиімді шешім болып табылады. Табиғи ландшафттың бір бөлігіне айналу қабілеті ұзақ мерзімді қызметке кепілдік береді.
Габионды құрастырмалардың топырақтың бір қабатын өзіне жинап, өсімдіктің өсуіне кедергі келтірмеу қабілеті анағұрлым жоғары беріктікті және қоршаған ортамен қосылуды қамтамасыз етеді. Жыл өте келе торлы құрастырмалардың тиімділігі азаймай, керісінше артып келеді.
Теріс температура кезінде габионды құрастырмаларды тұрғызу мүмкіндігі барынша қысқа мерзім ішінде көктемгі жауын-шашын кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін әлеуетті түрде қауіпті бөктердің опырылымды телімдерінде қорғаныс іс—шараларын жүзеге асыру.
Пергон - материалдардың симбиозы – тастың табиғи сұлулығы және құрыштың әсемдігі. Бірегей дизайн Сіздің стиліңізді көркейте түседі.
Ең жоғары сапаға қол жеткізе отырып, топырақты нығайтудың дәстүрлі технологиялары
Медеу су айдыны ауданы, Алматы қ.
EsentaiCity тұрғынүй кешені, Алматы қ.
Жетісу ауданы, Алматы қ.
1-СЭС -ҮАӨ автожолы (1-су электр станциясы - Үлкен Алматы өзені).
Қонақүй кешені, Щучинск қ., Бурабай ауданы.
Кереңқұлақ өзені, Алматы қ.
Esentai City тұрғынүй кешені, Алматы қ.
«Ремизовка» тұрғынүй кешені, Алматы қ.
Кіші Алматы өзені, Алматы қ.
Әсем Тай коттедж қалашығы, Алматы қ.
Esentai City тұрғынүй кешені, Алматы қ.
Көлсай кентіне апаратын автожол, Алматы қ.
Қазақстан Республикасы, 050023
Алматы қ., Бостандық ауданы,
«Қазақфильм» ы.а., 53, 2-қабат
БСН 060340009103